

Алименттен жалтара алмайсың
Заман өзгерді ме, әлде неден?...Қазіргі кезде шаңырақ шайқалып , неке бұзылған жағдайлар, өкінішке орай көп. Кеше ғана өте жақын болған, сүйіп қосылған екі жас екі жаққа кеткен соң, ортадағы балаларды қамтамасыз ету,қамқорлық жасау мәселесі міндетті түрде орын алады. Бұдан да басқа,әр түрлі өмірлік жағдайларға байланысты адименттерді төлеу немесе сұрату қажеттілігі туындау мүмкін.
Алименттер (лат. alimentum — "тағам, асырап-бағу") — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат.
Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттерді төлеу туралы келісім "Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы "Кодекстің(әрі қарай-Кодекс) 157-бабына сәйкес (алименттерді төлеу мөлшері, шарттары және тәртібі)алиментті төлеуге міндетті адам және оны алушының арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және/немесе алимент алушы әрекетке қабілетсіз болғанда-осы адамдардың заңды өкілдері арасында жасалады. Келісім жазбаша түрде жасалады және міндетті түрде нотариуста куәландырылады.
Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:
бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінідөзшығынынқандай да бірорнынтолтыруғақұқығы жоқ;
олардыңқатаңжекебастықсипаты бар. Мұныңмәнісі, алименттөлеугеміндеттіадамолміндетінорындаудыбасқабіреугетапсыруғақақысыжоқ. Екіншіжағынан, алименталуғақұқықтыадам, бұлқұқығынөзгебіреугебереалмайды. Алименталуқұқығыжәнеалименттөлеуміндетімұрагерлік тәртіппен басқа адамға көшпейді;
алименттікміндеттемемүліктік-құндықболыптабылады, яғнибұларадаматериалдықигіліктерді (әдетте, ақшалайқаражатты) алушының мүлкіне өткізу (қосу) жүзегеасырылады.
Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:
-субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);
-заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушының мұқтаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент --алушылардын кәмелетке толмағандығы және басқалары);
-тараптардың алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндіріп алу жөніндегі шешімі.
Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:
-ата-аналардыңбалаларғақатыстыалименттікміндеттемелері;
-балалардыңата-аналарғақатыстыалименттікміндеттемелері;
-ерлі-зайыптылардыңжәнебұрынғыжұбайлардыңалименттікміндеттемелері;
-кәмелеткетолғанағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарыныңалименттікміндеттемелері.
Айта кететін жайт, қамқорлықта, қорғаншылықта немесе патронаттық тәрбиеде болатын балалар,сондай-ақ, асырап алынған балалар да алиментке құқылы.Кодекстің 6-ы бабына сәйкес, балаға алимент ретінде тиісті сома
баланың ата-анасына немесе басқа заңды өкілдеріне түседі және баланы асырауға, біліміне жіне тәрбиесіне шығындалады.
Кәмелетке, жасы он төртке толмаған балаларға қатысты алименттік төлем жөніндегі келісім ата-аналар арасында (онда ата-анасының біреуі баланың атынан әрекет етеді)жасалады, немесе ата-аналар мен баланы асырап бағушылар арасында жасалады.Кодекстің 138-бабына сәйкес ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған және де кәмелет жасқа толған орта арнайы, техникалық, жоғары т.б.оқу орындарында күндізгі бөлімдерінде білім алатын балаларына қатысты да алименттік келісім жасауға құқылы.
Некеде тұратын, бірақ, қандай да бір себептермен бір-біріне материалдық міндеттемелері бар ерлі-зайыптылар арасында жасалған алименттік төлем жөніндегі келісімде алимент алушының жоғарыда көрсетілген топтардың қайсысына жататындығы міндетті түрде көрсетілуі қажет. Нотариус алименттік келісімді куәландырған кезде, міндетті түрде алимент өндірушінің мұқтаждығын растайтын құжаттар талап етуі тиіс, құжаттар түгел болмаған жағдайда келісім жасау мүмкін емес. Ондай құжаттарға: ортақ баланың мүгедектігі туралы анықтама, ерлі-зайыптылардың біреуінің еңбекке жарамсыздық парағы, жұмыста жоқтығын растайтын анықтамалар,т.с.с жатады. Азаматтар келісімді заңда нақты талаптар болмаған жағдайда да өз еріктерімен, екі жақты келісіммен жасай бере алады.Мысалға, ата-аналары мен кәмелет жасқа толмаған балалары арасында бала еңбекке жарамды, бірақ, әлі де болса, көмекке мұқтаж болған жағдайда, немесе оқуын одан әрі жалғастырғысы келген жағдайда алименттік келісімдер жасала береді.
Тек ата-аналар ғана емес, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар да еңбекке жарамсыз, мұқтаж өз ата-аналарын асырауға жәнеоларға қамқор болуға міндетті. Жоғарыда айтылған жағдайлардан басқа, немерелері мен ата-әжелерінің, тәрбиеленушілер мен тәрбиелеушілер және басқа да отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері бар.
Бұндай келісімдерді нотариалдық куәландырудың қажеттілігі бұл келісімдердің созылмалы және екі жақтың мүдделеріне қатысты болғандығынан туындайды. Сондықтан, келісім нақты, еш күмән тудырмайтындай болып жасалуы қажет.
Нотариалды түрде куәландырылған алименттік келісім соттың үкім шығаруына себеп бола алады. Алименттік келісімдердің маңызды шарттары болып алиментті төлеудің тәртібі мен төлеу жолдары табылады.
Келісімде сонымен қатар алименттік төлемді төлеудің әр қилы тәртібі белгіленуі мүмкін. Мысалы: өз ара ақшалай төлеу, үшінші жақтың қатысуымен төлеу(ата-анасы немесе басқа да туысқандар арқылы), алиментті.алушының мекен-жайы бойынша, пошта арқылы ақша аудару, немесе банктегі есеп шотына ақша аудару, т.с.с.
Алименттік келісімдер тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Келісімнің өзгертілуі немесе тоқтатылуы жазбаша түрде және нотариалды куәландырылған болуы керек. Ал, келісім арқылы белгіленген алименттік міндеттемелер келісімнің мерзімі бітуіне байланысты немесе заңда белгіленген басқа да себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін.
Орал қаласының нотариусы А.К.Маулетова
2021 жылғы 06 желтоқсан