top of page

1 сұрақ: "Әйел адам ер адамның жұмысын істей алмайды" стереотипы жайлы не ойлайсыз.Сіздің жұмысыңызға бұл стереотип өз әсерін берді ме?

жауап: Өткен заманнан және екінші дүниелік соғыс жылдарынан соң, әйелдер әртүрлі шаруаларға араласып, экономика, өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, т.б салаларын игере бастады. Сол уақыттан бастап, әйел адамдар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әйел адамдарда "ер мен әйел тең құқылы" деген пікірлер қалыптасып, ері жоқта әйел адам орнын жоқтатпай, барлық жұмыстарды әйел адамдар жасай беретін дәрежеге жетті. Қазіргі қоғамымызда да әйелдердің орны  зор. Әйел адамдарды басшы тұлғалар қатарынан, экономикада, бизнесте, әр-түрлі салаларда кездестіреміз. Олардың саны жылда өсіп келеді. Қазіргі таңда отбасына да, жұмысына да  үлгеріп, отбасында аяулы жар, ардақты ана,  үлгілі келін болып, қызметінде іскерлі болып, абыройлы басшы боп жүрген әйел адамдары қаншама. Бұл стереотип менің атқарып отырған қызметіме ешқандай әсерін бермейді,себебі бұл салада ер адам да , әйел адам да жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 сұрақ: Сіз әйел адамдардың іскерлігін қандай бағыттардан байқадыңыз?

жауап:  Әйел-Ана! Сонымен қатар, қоғамда қызметкер, әрі қайраткер! Жоғары мемлекеттік, саяси -әлеуметтік, діни басқарма, білім-ғылым салалары- қай-қайсысын алсаңыз да, барлығында нәзік жандыларды кездестіруге болады.Іскерлік қызметті таңдағандар соған лайықты қасиеттерді бойына жинап, өз жұмысын жауапкершілікпен атқарады .Білімді, білікті, сауатты, мәдениетті, өзіне де, өзгеге де талапшыл, өзіндік ұстанымы бар әйел -қызметкерге қоғамның қай саласында да құрметті орын бар деп сенімді түрде айта аламын.

3 сұрақ: Қазіргі таңда әйел адамның ролі мен ер адамның рөлі ауысып кетті деп ойлайсыз ба және неге?

жауап: Қазір тарихи сахнада ғылым, білім,техника, ақпарат, сауаттылық заманы.Ерлердің ісі болып есептелетін салада әйелдердің саны артып келе жатыр.Әйел көлікті де жүргізе алады, ғарышқа да ұша алады, қол күшін талап ететін құрылыс саласында да жұмыс жасай алатынын айта отырып, қауіп-қатері мол, құқық-қорғау органдарында  жауапты қызметте істей алады деп айтуға болады. Себебі, әркімнің мамандық таңдауына, іскерлігіне, бойындағы қасиеттеріне байланысты өз саласында қызмет атқарады, рөлі ауысқан емес.

 

4 сұрақ: М.Шүйіншәлиеваның "Көз жасы" шығармасындағы Дариғаның мансап үшін сүйгенімен айырылысқаны дұрыс болды ма, қазіргі таңда бұндай оқиғалар көп орын алып жатыр ма?

жауап:    Мансап үшін жолдасымен ажырасу мен үшін жат қылық. Жүрек қалауымен бас қосып, бала сүйіп, ата-ана атанып өмір сүру-түсінген адамға үлкен бақыт. Өз бақытын аялай білмеген, мансапқорлықты мақсат тұтқан адамның өмірде жолы бола қоюы екіталай.

Әрине, бұл шығарманың жазылуы да тегіннен-тегін емес қой. Өмірден  алынған оқиғаның ізімен жазылған болуы керек.Сондықтан, мұндай оқиғалар қазіргі таңда мүлдем кездеспейді деп айта алмаймын.

5 сұрақ: Жас қыздарға айтар ақыл-кеңестеріңіз?

жауап: Жас қыздарға айтар ақылым: ар-ұятты қастерлеп, арлы болыңыздар, ұятты естен шығармаңыздар. "Өзгенің кемшілігін санасаңыз, өз бақытыңызды сезбей қаласыз"- деген тамаша сөз бар. Сондықтан, ақылды,білімді, мәдениетті, қазақ қызына тән бар асыл қасиетті бойына жиған халқымыздың ару қызы болыңыздар!

IMG-20220412-WA0027.jpg
bkoadilet.jpeg

Территориальная Нотариальная палата

Западно-Казахстанской области

 

Председатель Елегенова Найля Губашевна
Образована   в мае 1999 года
Общая численность нотариусов по состоянию на 01.01.
2025 года 121 нотариусов
Контактные телефоны: +7 705 514 3242
e-mail: npzko@mail.ru

Приём граждан ведётся председателем с понедельника по пятницу по предварительной записи.

 

     Архив нотариальной палаты ЗКО

 

Директор архива:  Утеуова Сандеш Елембаевна

Адрес : 090001, Западно-Казахстанская область,  г.Уральск пр.Назарбаева д.215 офис 6 (2 этаж)

Тел 8(7112) 509241

bottom of page