top of page

Нотариаттық құжаттарға QR-код беріледі

QRKod.jpg

    1 шілдеден бастап елімізде нотариаттық құжаттарға жеке QR-код беріліп жатыр. Естеріңізге салсақ,  мемлекет басшысы 15.02.2021 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 5-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Сол заңның кейбір ережелері ағымдағы жылдың 1 шілдесінде күшіне енді.

    Енді әрбір нотариаттық іс-әрекетке QR-код беріледі, ол электронды тізілім арқылы автоматты түрде беріледі және бірегей болып саналады. Бұл өз кезегінде жалған құжаттар жасаудан қорғауды қамтамасыз етеді. Мысалы, егер бұрын сенімхаттың түпнұсқалығын тексеру нотариусқа жүгіну арқылы жүзеге асырылса, енді оны QR-код бойынша смартфондағы қосымшаның көмегімен немесе құжаттың сандық коды бойынша enis.kz сайтында тексеруге болады.

    Халыққа ыңғайлы болу үшін электрондық құжаттың қағаз құжатқа тең екендігін куәландыру және керісінше, қағаз құжаттың электрондық құжатқа тең екендігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер енгізілді, бұл азаматтарға қажетсіз жол жүруден, поштамен немесе поезд,ұшақ арқылы жіберуден құтылуға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, бұрын жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын мәмілелер мүліктің орналасқан мекен-жайы бойынша нотариуста куәландырылған болса, енді тараптар оның орналасқан жеріне қарамастан еліміздің кез келген нотариусына жүгіне алады. Әрине, екі тарап бір мезетте сол жерде болуы керек.

БҚО нотариаттық аумағы

Ақжайық ауданының нотариусы

Жадыра Умралиева 

bkoadilet.jpeg

Территориальная Нотариальная палата

Западно-Казахстанской области

 

Председатель Елегенова Найля Губашевна
Образована   в мае 1999 года
Общая численность нотариусов по состоянию на 01.01.
2025 года 121 нотариусов
Контактные телефоны: +7 705 514 3242
e-mail: npzko@mail.ru

Приём граждан ведётся председателем с понедельника по пятницу по предварительной записи.

 

     Архив нотариальной палаты ЗКО

 

Директор архива:  Утеуова Сандеш Елембаевна

Адрес : 090001, Западно-Казахстанская область,  г.Уральск пр.Назарбаева д.215 офис 6 (2 этаж)

Тел 8(7112) 509241

bottom of page