top of page

Мұраға ие болу құқы туралы куәлік алу үшін мұрагер қандай құжаттар тапсыру қажет?

3118-scaled.jpg

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1042- бабына сәйкес мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн не сот шешімінде қайтыс болған деп белгіленген күн мұраның ашылу уақыты болып танылады. Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуы мүмкін азаматтар бір мезгілде немесе бір күнтізбелік тәулікте, бірақ түрлі сағатта қайтыс болса, онда олар бірінен кейін бірі мұрагер болмайды және мұрагерлікке олардың әрқайсысының мұрагерлері шақырылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері мұраның ашылу орны болып табылады. Азаматтық кодексінің 16- бабына сәйкес азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады., Азаматтарды тіркеу тұрақты тұратын орны бойынша жүзеге асырылады. Әдетте, мұра қалдырушының соңғы тұрған жері тұрақты тұрған жеріне сәйкес келеді.

Егер Қазақстан Республикасының аумағында мүлкі болған мұра қалдырушының соңғы тұрған жері белгісіз болса немесе оның аумағынан тыс жерде болса, Қазақстан Республикасында мұраның ашылу орны деп осындай мұрагерлік мүліктің орналасқан орны (жылжымайтын мүлік орналасқан жер, жылжымалы мүлік тіркелген жер, мұра қалдырушының шоты ашылған банк орналасқан жер және т.б.) танылады. Егер көрсетілген мұра әртүрлі жерлерде орналасқан болса, оның құрамына енетін жылжымайтын мүліктің орналасқан жері, ал жылжымайтын мүлік болмаған кезде — жылжымалы мүліктің немесе оның неғұрлым құнды бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады. Мүліктің құндылығы оның нарықтық құнының негізінде айқындалады.

          Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күнi ашылған жағдайда (осы Кодекстiң 1042-бабының 2-тармағы) — мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшiнде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешiмiнде өзге күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкiн.

        Егер мұрагерлiк құқығы басқа адамдар үшiн мұрагердiң мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердiң мұраны қабылдамауы немесе мұрагердi осы Кодекстiң 1045-бабында белгiленген негiздер бойынша мұрадан шеттету салдарынан туындаса, мұндай адамдар оларда мұраға құқық туындаған күннен бастап алты айдың iшiнде мұраны қабылдай алады.

Мұраға ие болу құқы туралы куәлік алу үшін мұрагер төмедегі құжаттарды  тапсыру қажет.

Қайтыс болған адамның өлген күнін растайтын анықтама қағазы;

Мұраның ашылған жерін, мұраға ие болу негіздерін дәлелдейтін құжаттар;

Заң бойынша мұраға ие болу үшін-туысқандық қатынастарды білдіретін куәліктер (егер еңбекке қабілетсіз және қарауында болса, соны растайтын анықтама қағаз).

Бұл жердегі мұрагердің мұра қалдырушымен туысқандық қатынасының дәлелі болатын құжаттар:

Балалары, жұбайы жөніндегі азаматтық хал актілерін жазу бөлімдерінің куәліктері;

Туу туралы кітаптан үзінділер, төлқұжаттағы жазулар, туыстық және басқа да жақындық фактісін анықтау жөніндегі соттың заңды күшіне енген шешімдерінің көшірмесі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1073-бабына сәйкес, мұраға ие болу құқы туралы куәлік мұраның ашылған жерінде, мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін 6 айдан кейін беріледі. Мұрагерлік құқық туралы куәлік тек қана барлық тиісті құжаттарды өткізіп, мемлекеттік баж салығын төлеген мұрагерлерге, олардың қалауларына қарай, бірге немесе әрқайсысына жеке-жеке беріледі. Жеке нотариус Н.К.Кайыржанов

bkoadilet.jpeg

Территориальная Нотариальная палата

Западно-Казахстанской области

 

Председатель Елегенова Найля Губашевна
Образована   в мае 1999 года
Общая численность нотариусов по состоянию на 01.01.
2025 года 121 нотариусов
Контактные телефоны: +7 705 514 3242
e-mail: npzko@mail.ru

Приём граждан ведётся председателем с понедельника по пятницу по предварительной записи.

 

     Архив нотариальной палаты ЗКО

 

Директор архива:  Утеуова Сандеш Елембаевна

Адрес : 090001, Западно-Казахстанская область,  г.Уральск пр.Назарбаева д.215 офис 6 (2 этаж)

Тел 8(7112) 509241

bottom of page