top of page

Мұранықабылдау, мұрадан бас тартумерзімі

және  осы мерзімдерді өткізіп алу салдары

 

Басына қайғылы жағдай туған адам, қапелімде мұрагерлікті калай, кандай жолмен жасақтауды белмей, абдырып қалатыны анық. Міне, осындай кезенде нотариустың мұрагерлерге кәсіби кенес беріп,көрсетер көмегі көп болмақ.

Мұрагерлік-қайтыс болған азамат  (мұра калдырушы) мұрасы  -мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әсбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен,егер осы болімнің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірынғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ак мезгілде ауысады.

Мұраның ашылу куннен бастап алты ай шішнде мұра кабылдану мумкін.Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған куні ашылған жайдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1042-бабының 2 тармағы- мұра калдырушы қайтыс болған куннен бастап алты айдың ішінде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кеде, егер соттың шешімінде өзге кун көрсетілмесе,азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды кушіне енген куннен бастап мұра кабылдануы мүмкін.

Егер мұрагерлік құқығы басқа адамдар үшін мұрагердің мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердің мұраны абылдамауы немесе мұрагерді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1045-бабының белгіленген негіздер бойынша мұрадан шеттету салдарынан туындаса, мұндай адамдар оларда мұраға құқық туындаған куннен бастап  алты  айдың ішінде мұраны қабылдай алады. 

Мұрагер, қандай себептермен болса да мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алсада нотариусқа мұраға құқық туралы куәлікті беру туралы арызбен жүгінгенде, нотариус нотариалдық іс әрекеттер жасаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Аталған қаулыны алғаннан кейін мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Егер мұрагер мұраны қабылдау үшін белгіленген  мерзімді дәлелді себептер бойынша өткізіп алған болса және мұраны қабылдау үшін белгіленген  мерзімді өткізіп алған мұрагер бұл мерзімді өткізіп алу себептері жойылғаннан кейін алты айдың ішінде сотқа жүгінген жағдайда осы мерзімді өткізіп алған мұрагердің өтініші бойынша сот бұл мерзімді қалпына келтіре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады.

Мұрагер мұраны қабылдады деп танылған кезде сот барлық мұрагерлердің мұрагерлік мүліктегі үлестерін анықтайды және қажет болған жағдайда жаңа мұрагердің мұрадан өзіне тиесілі үлесін алу құқығын  қорғау жөнінде шаралар белгілейді. Бұған дейін берілген мұраға құқық туралы куәліктерді сот жарамсыз деп таниды.

       Мұрагер мұра ашылған куннен бастап алты айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқылы. Егер мұрагер бұл мерзімді өткізіп алса  бұл мерзімді сот ұзартуы мумкін, алайда бұл екі айдан аспауға тиіс.

       Мұрадан бас тарту мұрагердің мұраның ашылған жері бойынша нотариусқа арыз беруімен жасалады.        Егер сенімхатты бас тартуға өкілеттік арнайы көзделсе,мұрадан өкіл аркылы бас тартуға болады.

       Мұрадан бас тартуды кейіннен күшін жоюға немесе қайтарып алуға болмайды.      Мұрагер өзіне сол үшін берілген мерзім өткеннен кейін мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады.Егер ол мұраға қалдырған мүлікті іс жүзінде иеленуге кіріссе не оған билік етсе,не оның осы мүлікке құқықтарын куәландыратын құжаттарды алуға өтініш жасаса,ол бұл құқықты аталған мерзім өткенге дейін де жоғалтады.Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзінің өсиет бойынша немес кез келген кезектегі заң бойынша мұрагердің қатарындағы басқа адамдардың пайдасына бас тартатындығын көрсетуге құқылы.

       Өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлердің пайдасына мұрадан бас тартуға жол берілмейді.

       Егер мұрагер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлікке шакырылса, ол осы негіздемелердің біреуі бойынша немесе екі негіздеме бойынша өзіне тиесілі мұрадан бас тартуға құқылы.Мұрагер мұраның басқа бөлігі мұраға қалдырылуына қарамастан, устелу құқығы бойынша өзіне тиесілі мұрадан бас тартуға құқылы.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1074- бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұраның бір бөлігінен бас тартуға, мұрадан ескерту жасап немесе шарт қойып бас тартуға жол берілмейді.

 

Мұрагерлік өсиет немесе заң бойынша жузеге асырылады.Өсиет қалдырылмаган не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ ҚР Азаматтық кодексінде беліленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.

Мұраның құрамында мұра қалдыпушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты колданылу тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз бойланысты мына құқықтар мен міндеттер;

  1. егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, занды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;

  2. өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқық;

  3.  алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;

  4.  зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақылар мен Қазақстан Республикасының енбек заңнамасының жэне Қазақстан Республикасының әлеументтік қамсыздандыру саласындағы заңдарының негізінде басқа да төлемдер алу құқығы;

  5.  заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.

       

Мұра азаматың қайтыс болуы немсе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының салдарынан ашылады.Мұра қалдырушының қайтыс болған куні,ал оны қайтыс болды деп дариялаған кезде,егер сот шешімінде басқа кун көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі кушіне енген кун мұраның ашылу уакыты болып табылады.Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір кунде қайтыс болса олар бір мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысына кейін мұрагерлік ашыларды да олардың әркайсысының мұрагерлері мұрагерлікке шакырылады.     Мұра калдырушының сонғы тұрған жері,ал егер ол белгісіз болса-мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан дері мұраның ашылу орны болып табылады.

 

Мұра ашылған кезде тірі жүрген,сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.

Заң бойынша мұрагер болу құқығын бірінші кезекте мұра қалдырушының балалары,оның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы ( зайыбы) мен ата-анасы тең улеспен алады.

Мұра қалдырушының немередері мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.

 

Егер бірінші кезектегі мұрагерлер болмаса,заң бойынша мұрагер болу құқығын екінще кезекте мұра қалдырушының юір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі- тең улеспен алады.

      Мұра қалдырушының бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешсі бөлек аға-інілері мен апа-арындастарының (сіңлілерінің) балалары (мұра қалдырушының немере іні-қарындастары,жиендері)   мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.

      Егер бірінші және екінші кезектенгі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшінші кезекте мұра қалдырушының әкесімен бірге туған ағалары мен апалары,нағашы ағалары мен нағашы апалары тең улеспен алады.

       Мұра қалдырушының немере аға-інілері,апа-қарындастары сіңлілері мқарны ұсыну құқығы бойынша алады.

       Егер бірінші,екінші және үшінші кезектегі мұрагерлер болмаса,заң бойынша мұралерлік құқығын мұар қалдырушының алдыңғы кезектердегі мұрагерлеріне жатпайтын,үшінші,төртінші және бесінші туыстық дәрежесіндегі туыстары алады.

       Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердің өтінішімен оған мұрагерлікке құқық туралы куәлік беруге міндетті.

Егер заң бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1072-2 бабында белгіленген мерзімде қабылдып үлгермей, мұра ашылғаннан кейін қайтыс болса, онда мұраның оған тиесілі үлесін қабылдау құқығы оның (қайтқан мұрагердің) мұрагерлеріне ауысады.                   

       Мұрагерлікке құқық туралы куәлік мұра ашылған куннен бастап алты ай өткеннен кейін беріледі.

       Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлік кезінде, егер нотариуста куәлік берілуін сұраған адамдардан басқа тиісті мүлікке не бүкіл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлік аталған мерзім өткенге дейін де беріліу мумкін.

 

БөкейОрдасы ауданының Нотариусі:    Т.М.Уразова

bkoadilet.jpeg

Территориальная Нотариальная палата

Западно-Казахстанской области

 

Председатель Елегенова Найля Губашевна
Образована   в мае 1999 года
Общая численность нотариусов по состоянию на 01.01.
2025 года 121 нотариусов
Контактные телефоны: +7 705 514 3242
e-mail: npzko@mail.ru

Приём граждан ведётся председателем с понедельника по пятницу по предварительной записи.

 

     Архив нотариальной палаты ЗКО

 

Директор архива:  Утеуова Сандеш Елембаевна

Адрес : 090001, Западно-Казахстанская область,  г.Уральск пр.Назарбаева д.215 офис 6 (2 этаж)

Тел 8(7112) 509241

bottom of page